:

07.08.2018 ж. Маңғыстау облысында «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығулары өткізілді

Маңғыстау облысында Ақтау халықаралық теңіз сауда портында (2 тамыз-бірінші кезең) және Баутин теңіз портында (3 тамыз-екінші кезең) Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркіменстан төрт Каспий жағалауы мемлекеттерінің құтқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен Каспий теңізі акваторийінде екі күн аясында төтенше жағдайларда тойтарыс беру бойынша «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқу-жаттығулары өткізілді.

30.07.2018 ж. Павлодарда кезекті өрт-тактикалық оқулар өткізілді

2018 жылғы 26 шілдеде Павлодар облысы «Өрт сөндіруші» АҚ өрт-тактикалық оқуларды өткізу кестесіне сәйкес, «KSP Steel» ЖШС ПФ металлургиялық кәсіпорынының электржөндеу цехының аумағында өрт-тактикалық оқулар өткізілді.

27.07.2018 ж. Лисаков қ. КБКБ «Алюминий Казахстана» АҚ Филиалында азаматтық қорғау бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар

2018 жылғы 26 шілдеде КБКБ «Алюминий Казахстана» АҚФ объектілерін қорғау бойынша  1-ӨСАҚБ қызметкерлері орталық өндіріс алаңының аумағында АҚ жоспарлы арнайы-тактикалық жаттығуларға қатысты.

26.07.2018 ж. Шығыс Қазақстан облысында өрт-құтқару даярлығы бойынша үздік өрт сөндіру гарнизоны анықталды

Өрт сөндіруші-құтқарушы тез жүгіре, секіре, экстремалды жауынгерлік жағдайда жедел шешім қабылдай білу керек. Біреулердің өмірі, мүліктері олардың әрбір секундтарына байланысты.  Ол үшін  теориялық білімдерін тәжірибемен бекіту қажет.  Нормативтерді уақытқа игеру. Осыған жыл сайыңғы өрт-құтқару спорты бойынша жарыстар жақсы көмектеседі.

26.07.2018 ж. «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС қауіпті өндірістік нысанда жүргізілген өрт-тактикалық оқулар

Өрт-тактикалық  оқуларын өткізу жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 24 шілдеде Павлодар облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалында өнеркәсіптік кәсіпорыны «Нефтехим LTD компаниясы»  ЖШС-нің полипропиленді қоюлату орнатылымындағы өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқулары жүргізілді.

25.07.2018 ж. Жоспарлы өрт-тактикалық жаттығу

«КҚК-Қ» АҚ «Атырау» МАС нысындарын өрттен қорғау бойынша «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының №2 Өрт сөндіру  авариялық-құтқару бөлімінде (ӨСАҚБ) 2018 жылғы 19 шілдеде жұмыс жоспарына және кестеге сәйкес магистральдық сорғы алаңында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.